Ислам діні ата-анаға мойынсұнуды міндеттей ме?

Ислам діні ата-анаға мойынсұнуды міндеттей ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала Құран Кәрімнің көптеген аяттарында ана мен әкеге құрмет көрсету, оларды өкпелетпеу және оларға  мойынсұнудың маңыздылығына баса назар аударады.

Ислам діні ана мен әкенің орнына үлкен мән береді. Сол себепті балаларының ата-аналарына құрметпен қарауын талап етеді. Пайғамбарымыз Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадистерінде де ата-анаға жақсы мінез-құлықпен қарым-қатынас жасаудың маңыздылығына назар аударады.

Ислам дінінде Алла тағалаға серік қосудың  ақталатын ешбір жөні жоқ секілді, ата-анаға дөрекі қарым-қатынас жасағанды да ешқандай құқық ақтап ала алмайтыны  бұйырылады. Құран Кәрімнің «Исра» сүресінің 23 аятында: «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме).

Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» -деп бұйырылған. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар да: «Сіздерге үлкен күнәлардың ең үлкені туралы айтып берейін бе? Олар Аллаға серік қосу, ата-аналарына бағынбау және жалған куәгерлер (немесе өтірік) болу» — деп, ата-анаға қарсы шығудың үлкен күнә болатынын айтып кеткен. Көріп отырғанымыздай, ислам діні ата-анаға мойынсұнудың маңыздылығына баса назар аударады. 

Балғабек Мырзаев

kazislam.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: