ЭКҰ мәселелері— түтіктен шыққан бала

ЭКҰ мәселелері— түтіктен шыққан бала

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Келесі себептерге байланысты басқа ерлі-зайыптылар жұбының аналық жасушасын немесе бөтен еркектің шәуетін қолдануға рұқсат етілмейді:

• Ұрық сіздің күйеуіңіздікі емес

• Ататектің шатасуы

1. Күйеуінікінен бөлек, басқа еркектің шәуетімен әйелді ұрықтандыруға тыйым салынады. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, оған басқа адамның еккенін, өз суымен суғаруға (ұрықтандыруға), яғни, бөтен әйелді өз ұрығымен ұрықтандыруға рұқсат жоқ (Әбу Дәудтің Сунаны).

2. Егер әйел басқа еркектің ұрығынан бала көтерсе, онда бұл бала шәует донорының емес, оның күйеуінің баласы болып саналады. Хадисте былай айтылған:

«Бала біткен төсегіне тән».

3. Егер сіз басқа әйелдің аналық жасушасын қолданғыңыз келсе, онда әлгі әйел бұл баланың биологиялық анасы болып табылады. Алайда бұл баланы сіз босанатын болғандықтан, сіз де оның анасы болып табыласыз.

Хадисте былай айтылған:

«Балаларды туғандар ғана ана болып саналады».

Егер әйел адам басқа еркектің шәуетін қолданбай бала көтере алмайтын болса, онда бала асырап алу жағын ойластырып көргені жөн болар. Бұл да Шариғатқа сай игілікті іс болып табылады.

Ал Алла дұрысын біледі.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: