Еліміз әлемге жануарлардың қауіпті ауруынан ада ел ретінде танылды

Еліміз әлемге жануарлардың қауіпті ауруынан ада ел ретінде танылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Париж қаласында Халықаралық эпизоотикалық бюро елімізді сарып ауруынан азат ел ретінде танитын 5 сертификат табыс етті. Бұл жайында «Хабар 24» арнасы хабар таратты.

Сондай-ақ, еліміз африкалық обадан ада ел ретінде ресми танылды. Аталған індет жыл басынан бері көрші Қытай мен Ресей аумағында тіркелген болатын. Мұндай мәртебе өз кезегінде отандық ет және сүт өндірушілерге тың мүмкіндіктер береді, яғни, отандық ет және сүт өнімдерін жасқанбай экспорттауға есік ашады. Мәселен, жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйым ассамблеясында Қазақстан делегаттары 20 елдің өкілдерімен кездесу өткізді.

Осы кездесу барысында Малайзия, Гонконг, Жапония және өзге де елдер еліміздің ет және сүт өнімдеріне мүдделілік танытты. Халықаралық эпизоотикалық бюроның бас директоры Моник Элуа: «Қазақстан, міне, бірнеше жылдың жүзі болды, біздің талабызды ұлттық деңгейде жүзеге асыру үшін біздің жұмысымызға белсене араласып келеді.

Күш-жігердің текке кетпегенін көрсететін бүгінгі сертификат ұмтылыстың жетістікке жеткізетінін білдіретін символ болып табылады. Меніңше, Қазақстан аймақтағы барлық ел үшін үлгі көрсете алады». Бұл мәртебеге қол жеткізу үшін еліміздің мал дәрігерлері көп күш-жігер жұмсады. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: