Елордада ғасыр жасаған еланасы ауызашар берді

Елордада ғасыр жасаған еланасы ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстандағы Ислам діннің көркеюіне өлшеусіз еңбек сіңірген дін қайреткері, қази Сәдуақас қажы Ғылманидың төл перзенті, бүгінде ғасыр жасап отырған сүйегі асыл, көргені мол кейуана Үкіжан Сәдуақасқызы Елорда жұртшылығына ауызашар берді. Еланасының киелі дастарқанына зиялы қауым өкілдері мен Ғылмани әулетінің туыс-жегжаттары жиналды.

Атамыш дастарқан басында ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы және филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов қатарлы ғалымдар арнайы қатысып, жиналған жұртшылыққа дін мен ғылымның, дәстүр мен діннің сабақтастықтары жайлы салиқалы сөз сөйледі.

Сондай-ақ, елордалық «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов дін жолында елеулі еңбек еткен Ғылмани рухына және барша өмірден өткен дін қайраткерлеріне Құран оқып, дұға бағыштады.

Өткен заманның сұм-сұрқылтайы қуғын-сүргін, аштықты көзімен көрген, көкірегі қазынаға толы Үкіжан апа жиналған жұртшылыққа аналық ақ батасын беріп, келесі Рамазанға аман жетуді тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: