Биыл Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа барады

Биыл Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа барады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылық парызды орындау үшін биыл тамыз айында Қазақстаннан 3200 адам Сауд Арабиясына сапарға аттанады.  

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов  «Рамазан айынан кейін 70 күннен соң келетін бес парыздың бірі — үлкен қажылық сапары дайын тұр. Үлкен қажылық 11 тамыз — Құрбан айт күні белгіленіп отыр. Тамыз айының 4-5-нен бастап Сауд Арабиясы мемлекетіне елімізден 3200-ге жуық адам қажылық парызын өтеу мақсатында сапарға аттанады», — дейді.

Оның айтуынша, 2006 жылдан бері ҚМДБ мен Сауд Арабиясы мемлекетінің қажылық істер жөніндегі министрлігімен арадағы келісімшарттың негізінде елімізден қажылыққа баратындар менингококқа қарсы вакцинациядан өтіп, инфекция жұқтырмау амалдарын жасап баруға міндеттеледі.

«Осыған орай, біздің Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, 15 мамырдан бастап қажылыққа барушылар үшін еліміздің 8 қаласындағы 14 медициналық ұйымында менингококқа қарсы екпе жұмыстары басталады. Сондай-ақ, екпенің негізгі мақсаты — Африкадан келетін мұсылмандардың арасындағы менингококк инфекциясының көп таралуына орай екпені жасату міндетті болып табылады», — дейді Жәнділдә Бекжігітов.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: