Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қымбатты отандастар! Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл.
Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді. Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр.

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!»,-делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: