Мұсылман киімі спорт журналына шықты

Мұсылман киімі спорт журналына шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұңғыш рет мұсылман қыз-келіншектерінің шомылуға арналған киім үлгісі Sports Illustrated Swimsuit мұқабасына шықты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Тегі кения-сомалилік, американдық сәнгер Халима Аден Sports Illustrated Swimsuit журналының жұлдызына айналды. Ол мұсылман қыздардың шомылуға арналған киімдері таныстырылған фотосессияға қатысты.

Бұған дейін Халима Teen Vogue және Allure журналдарына түскен, ал Sports Illustrated спорт басылымына шығуды қатты армандаған екен.

Ол өзінің Instagram парақшасында: «Өзіңді емес, ойын ережесін өзгерт. Ханшайымдар, бәрі де мүмкін! Sports Illustrated журналына шығу мен үшін шектеулі секілді көрінген, бірақ ол орындалды. Бұл әлемге нәсілі, көзқарастары мен тәрбиесі әртүрлі әйелдердің теңдігі бар екенін көрсетеді» деп жазған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: