Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуында оңтүстік астанасының орны ерекше екенін атап өтті.

«Құрметті алматылықтар, барлықтарыңызды Бірлік күнімен құттықтаймын. Әсіресе, жастарды. Гүлдену мен татулық тілеймін. Алматыда көптеген ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Әралуандығымызға қарамастан бірлікті сақтау — біздің саясатымыздың мәні осында. Берекелі еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жеттік», — деді ҚР Президенті.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, бірнеше нысанды аралады. Атап айтқанда, Алматыдағы инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы «Бақытты отбасы» ана орталығына, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: