Сауд Арабиясында тұңғыш әйел әуе диспетчерлері пайда болды

Сауд Арабиясында тұңғыш әйел әуе диспетчерлері пайда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жидда әуежайында алғашқы 11 әйел әуе диспетчері жұмысын бастады, деп хабарлайды РИА Новости.

Олардың барлығы арнайы бағдарламадан өткен. Курста Сауд Арабиясы әуе диспетчері жұмыстарына алғаш рет әйел адамдарды дайындай бастады. Қазіргі уақытта тағы 15 әйел дайындық курсынан өтіп жатыр.

«Компания әртүрлі салалардағы әйелдерді жұмысқа қабылдайды. Бұл саудиялық әйелдердің еңбек нарығындағы үлесін арттыруға бағытталған» деп атап өтті Saudi Air Navigation Services атқарушы директоры Раян Тарабзони.

Әуе диспетчері қызметіне әйелдерді дайындау бағдарламасы бір жылға жоспарланға. Курста 13 пән қамтылады, бұл қатарда математика, физика, авиация терминологиясы, сондай-ақ әуе диспетчерлері жаттығу курсы бар.

Саудиялық мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның «Saudi Vision 2030» реформалық бағдарламасы корольдік экономикасының мұнайға тәуелділігін төмендетіп, экономиканың жеке секторын дамыту, оның ішінде білім, денсаулық, инфрақұрылым, туризм салаларын дамытуға бағытталған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: