Мұсылман қаласы саяхатқа лайықты ел атанды

Мұсылман қаласы саяхатқа лайықты ел атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Каир, Мехико және Анталья қалалары біркүндік саяхат үшін бюджеттік бағыттағы рейтингте көш бастады, Islam Today.

Бұл рейтингті жасауда жүріп-тұруға, ас-суға, қыдыруға және транспортқа кететін шығындар есептелді. Мысыр астанасы рейтингтің көшін бастады. Мәселен, Каир қаласында 24 сағат ішінде саяхатшы 48 еуро жұмсай алады. Екінші орынға Мексика астанасы Мехико шықты. Мұнда бір тәулікте 72 еуро шығындалады. Рейтинг үштігін Түркияның Анталья қаласы түйіндейді. Бұл қалада туристер бір күнде 75 еуро қаражат шығындайды.

Ал алғашқы бестікке Буэнос-Айрес пен Мумбаи қалалары да енген. Жиырма ел тізімінде Рига, Паттайя, Мәскеу және Валенсия қалалары бар.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: