Әр балаға 21 мың теңгеден - Мемлекет басшысы заңға қол қойды

Әр балаға 21 мың теңгеден - Мемлекет басшысы заңға қол қойды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осылайша, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеріліп отыр.

Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін минимал төлем 20 789 теңге сомасында бекітілді. Мүгедек бала асырап отырған және бала шағынан бірінші топтағы мүгедек баланы бағып отырған ата-аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы 30 пайызға өсті.

Құжат атаулы көмекті тағайындап, төлем жасаудың дұрыстығына бақылау шараларын қарастырады.

Сондай-ақ бұл заң арқылы маманданған педагогтарға, дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандық иелеріне "7-20-25" бағдарламасы аясында жеңілдігі бар ипотека бойынша жергілікті бюджеттен алғашқы жарналарды ішінара субсидиялау механизмі енгізіліп отыр.

kaz.tengrinews.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: