Жастарға арналған "Саналы Talks” интеллектуалды кеші өтті

Жастарға арналған "Саналы Talks” интеллектуалды кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман." Демек әрбір жас буынның ойын қалыптастыратын ұстаздың орны ерекше екендігі анық. Осыған орай, биылғы "Дін және жастар" жылы жаңа серпінде "Саналы Talks” интеллектуалды кешімен іс-шаралар шымылдығын ашты. 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткен жастармен кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев арнайы қатысып қайтты. 

"Саналы Talks” интеллектуалды кешінде 3 спикер сөз сөйлеп, жас буынға ұтымды идея, ұшқыр ой айтты. Ержан Маханұлымен қатар "Бәріміз бірдейміз" тақырыбында Данияр Өмірбектов сөз сөйлесе, "Темная сторона пікір сайыса" тақырыбында Бек Жолдыбай дәйекті ойын жеткізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: