Қайырымдылық – исламның қайнар көзі

Қайырымдылық – исламның қайнар көзі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Осы бір амалды қолған алған еліміздегі мешіттер бұл игілікті жиі атқарып, халықты қуантатыны белгілі.

Осындай бір жанға жылу сыйлайтын қайырымдылық іс-шарасы облыстың рухани жүрегі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өтті. Аталған шарада 10 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Көмекке жұмсалған азықтың жалпы бағасы 100 000 теңгені құрады. Сонымен қатар көпбалалы 4 отбасыға қаржылай жәрдем көрсетілді. Бұл қайырымдылық түріне де жалпы 100 000 теңге жұмсалды.

Отбасыларға азық-түлік пен қаражатты ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл мен мешіт имамдары табыстап, Алла мейірімі, сабыр туралы сүбелі сөз сөйледі. Ал жанұялар шынайы алғыстарын жеткізіп, Алланың разылығын тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: