РАНТ сапары жалғасуда

РАНТ сапары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданға арнайы сапармен келген ҚМДБ РАНТ және ҚДМ РАТТ мүшесі Рауан Жұмабекұлы Қордай аудандық мешітінде аудан бойынша қызмет атқарып жатқан имам-молдалармен семинар өткізді. Семинар «Имамның тұлғалық келбеті және қазіргі замандағы фиқһ мәселелері» тақырыбында өрбіді.  Семинар барысында Рауан Жұмабекұлы қазіргі уақытта дін қызметкерлерінің  заманауи уағыз-насихат тәсілдерін қолдану,  қоғамға діни ақпаратты жеткізе білудің  әдістері және бүгінгі күнгі ҚМДБ-ның пәтуаларын түсіндіру туралы ой өрбітіп, сөз қозғады. Күні кешке созылған форматта имамдар қос тілде де пайдалы ақпарат алып, өз білімдерін шыңдады.

Ақшам намазынан кейін РАНТ мүшесі аудандық «Қордай» мешітінің жамағатымен жүздесіп, «мұсылманның келбеті» тақырыбында уағыз жүргізді. Жамағаттардың сұрақтарына жауап берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: