РАНТ мүшесі Қордай ауданында

РАНТ мүшесі Қордай ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ РАНТ және Қоғамдық даму министрлігінің РАТТ мүшесі Рауан Жұмабекұлы Қордай ауданына ат басын тіреді. Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлының ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Р.Жұмабекұлы  бірнеше  нәтижелі  кездесулер атқарды.

Аудан орталығында орналасқан «Береке» колледжінде Елбасы жариялаған «Жастар жылы»  аясында  «Қазақ еліне пайда келтіретін жастар кімдер?» атты семинар өткізілді. Семинар барысында  жастарымызға жүктелген аманат пен жауапкершілік және оларды тиісті деңгейде қоғам мен мемлекет мүддесі үшін жұмсау туралы терең ой қозғаған Рауан Жұмабекұлы, теріс ағымдардың зардаптарында тілге тиек етті.

Келесі кездесу аудандық білім бөлімінің мектептеріндегі дінтану пәнінінің  мұғалімдерімен «Дінтану пәндерінде оқушылардың дін туралы дұрыс ойын қалыптастыру» тақырыбында өтті. Оқушылардың жалпы рухани – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру басты мақсатына жету туралы РАНТ мүшесі сөз қозғады.

Кездесулер кезегі  Масаншы ауылында орналасқан «Қордай» медресесінің шәкірттерімен жалғасты. Медресе шәкірттеріне Р.Жұмабекұлы білім алудың артықшылығы, заманауи дін қызметкері қандай болу керек тақырыптарында насихат айтты. Кездесуден дән риза болған шәкірттер Рауан Жұмабекұлына тиісті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. РАНТ мүшесінің сапары әлі жалғасуда.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: