Қазақстанда отбасылық сот құрылады

Қазақстанда отбасылық сот құрылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанда отбасылық сот құрылуы мүмкін. Бұл туралы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов хабарлады. 

Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысында Жақып Асанов  еліміздің 51 сотындағы «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылғанын айтты. Олар отбасын сақтап қалуға және олардың құқықтық проблемаларын шешуге барлық жағдай жасап отыр.

«Біз бұл мәселені таяу айдың ішінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен қараймыз. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот базасын отбасылық сотқа трансформациялау нұсқасы қарастырылады», – деді Жоғарғы сот төрағасы.

 

Дереккөз: Айқын ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: