Қожа Ахмет Яссауи жайында сериал түсірілмек

Қожа Ахмет Яссауи жайында сериал түсірілмек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркістан облысының басшылығы осы аймақта өмір сүрген ұлы тұлғалар жайында, тарихи оқиғалар турасында бірнеше киноөнімдер шығаруды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Оңтүстікфильм» және «Сақ» киностудиялары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген бағыттар бойынша бірнеше жобалар даярлаған. Атап айтқанда, «Ордабасы – бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» және «Төле би» фильмінің 10-сериясы түсірілген.

Хабарламада «Биылғы жылы Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында көрсетілген бағыттарға сәйкес «Қожа Ахмет Яссауи» телесериалы, «Әл-Фараби» көркем фильмі және «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» атты анимациялық фильмдер түсіріледі» деп айтылған.

Muslim.kz


 

Алла Тағала Құранда: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз...»«Исра» сүресі 82-аят, – деген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: