Өзбекстан мешіттерінде уағыздарды алғаш рет сурдоаудармамен жүргізді

Өзбекстан мешіттерінде уағыздарды алғаш рет сурдоаудармамен жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көршілес жатқан Өзбекстан мешіттерінде маңызды жаңалықтар орын алуда. Бұдан былай жұма күнгі уағыздар есту кемістігі бар жандар үшін сурдоаудармалармен өткізілетін болады.

Енді мешітке кіре берісте мүмкіндіктері шектеулі жандар да мешітке кіріп намаз оқи алады деген белгі тұратын болады, олар үшін арнайы жағдайлар жасалған. Мысалы үшін, есту нығметінен айырылған жандар үшін арнайы жеке бөлме жасақталған, ол жерде олар монитор арқылы имамды көріп, оның айтқандарын түсінулеріне мүмкіндік берілген. Бұл жөніндегі мәліметті Мұсылмандар басқармасы растаған.

Сурдоаудармашылар алғаш рет Ташкенттегі «Шейх Зайниддин» мешітіндегі, Чирчиктің Орталық мешітіндегі және Самарқанд облысындағы «Ысқақ қажы Уәли» мешітінде өткен намаздарды тікелей эфирден таратқан. Келер жұмада уағыздардың сурдоаударылымдары 25 мешітте ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Аталмыш жоба біртіндеп Өзбекстанның барлық аймақтарын қамтитын болады.

asyldin.kz


Хадисте: «Мұсылмандар үшін қабірстан мен монша, әжетханадан тыс бүкіл жер жүзі - мешіт» деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: