Өкіл имам Т.Рысқұлов аудандық мешітінде өткен Мәуліт кешіне қатысты

Өкіл имам Т.Рысқұлов аудандық мешітінде өткен Мәуліт кешіне қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше, Т.Рысқұлов аудандық мешітінің  имамы Джадраев Сұлтаншәріп  қажының ұйымдастыруымен  Пайғамбарлардың  сұлтаны Мұхаммедтің  (с.ғ.с) дүниеге келген күні  Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Мәуліт мерексіне арналған жиын  Қадырқожа Бекқожаның Құран оқуымен ашылды  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі  «Һибатулла Тарази» мешітінің  бас имамы Жұмабаев Данияр қари жұртшылықты  Мәуліт мерексімен шын жүректен құттықтап , Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с)  ислам дінің таратудағы басынан кешкен жағдайларын,  өмір тарихы  мен  өнегелі жолы  жайлы айтылған уағызын  жиылған  жамағат ұйып тыңдады. Мәуліт кешінің басты ерекшелігі – пайғамбарымызға (с.ғ.с) мәуліт  оқу. Бұл әр бір мұсылманың негізгі міндеттерінің бірі. Сахнадағы салауатты мешіт имамдары оқыды.Ал театырланған көріністің қойылуы.  Аудандық  мәдениет үйінің әртістері «Тастанды бала» атты мағыналы да мәнді көрініс қойып, жиылған жамағатты бір тебірентті.

Жылдағы дәстүр бойынша биылғы Мәуліт мерекесі  аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде ерекше есте қалатындай тартымды да тағлымды өтті.

           Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: