«Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеш өтті

«Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық мешіттің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеш өтті.

Сахна шымылдығы көрініспен ашылды. Ұлы дала елінің өткені, бүгіні, ертеңі көрсетілген қойылымның келген жұртшылыққа қатты әсер еткені көрініп ақ тұрды. 14 ғасырдай уақыт ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыздың басына төнген нәубет, кеңес өкіметін құру кезеңіндегі атеистік идеология, сол идеология құрбандары жайында әсерлі көрініс көрермендер көзіне жас үйірді. Баласына дінін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірін әңгімелеп отырған әкені жендеттер айдап алып кеткенде, артынан әкелеп қалған жас бала дініміздің бүгінгі күнге шейін үзілмей жетуіне себеп болған, жалғаушы буын өкілдерін көрсетіп тұр. Осыдан кейін бүгінгі жайма шуақ күніміз суреттелген болса, соңында ертеңгі буын бұдан да жарқын күн кешер деген мағынада қойылым аяқталды.

Осыдан кейін Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдәулет сахнаға көтеріліп аудан әкімінің құттықтауын оқып берді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлгілі өмірі жайлы айтылған бейне фильм көрсетіліп, жергілікті жас ақын С. Тоқбановтың арнауы тыңдалды. Мешіт жамағатының орындауында «Мәуліт жыры» орындалып Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды. Жаңатас жастарының орындауында қойылған «Екі саудагер» қойылымы да жұрт көңілінен шықты.

Соңынан марапаттау болып, жастарға сыйлықтар табыс етілді. Мәуліт кешіне жиналған жұртшылық рухани кештен жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл – күйде тарқасты. Мәуліт кешіне 350 дей адам қатысып, оларға сыйлықтар таратылды

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: