Қиындық әр адамның басында бар. Ал отбасындағы келеңсіздіктерден жаны жабырқап, әйелімен келісе алмай, бала-шағасы ауруға ұшырап, т.б қиындықтарға тап болған жандарға ғұламалар: «Намазға көңіл аудар, намазға!» деп жауап берген. Себебі, намаз – барлық істі ретке келтіруші құлшылық.
Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінде: «Намаздарға әрі ортаңғы намазға мұқият болыңдар және Аллаға беріле бойұсынған күйде тұрыңдар» (238-аят) деген аят бар. Ал бұл аяттың мағынасын түсіндірген ғалымдар дәл осы аяттың алдында отбасына қатысты мәселелердің айтылатынын алға тартып, «Ажырасу үкімдері, ер мен әйелдің құқықтары, қатынастарына қатысты отбасылық мәселелерден кейін бірден намазға сақтық жасау туралы айтылуында үлкен астар бар», - дейді.
Демек, отбасындағы қиындықтар намазға сақтық жасау арқылы шешіледі екен.
asylarna