Тағы бір күн...

Тағы бір күн...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Міне, Алланың қалауымен, қайтадан бір таң атып, жаңа күн басталды, біз қайтадан күйбең тіршіліктің, күнделікті мәселелердің, даулардың, реніштер мен қуаныштардың иіріміне түсіп, арайлап атқан таң өзімен бірге ала келген барлық нәрсенің тұтқынына айналып жүре береміз. Адамдар жосқынына ілесіп, аман қалу жарысына ілігіп кеткенімізді өзіміз де байқамай қаламыз. 

Бізді ұйқымыздан оятып, тағы бір таңды көруге нәсіп еткен Алла Тағалаға разы болудың 10 себебін келтірейік:

1. Сен ұйқыдан ояндың... Алдыңда игі амалдар жасап, жасаған күнәларың үшін тәубеге келіп, Алла разылығына кенелудің тағы бір мүмкіндігі тұр, шүкір Аллаға.

2. Төсектен ауырмай-сырқамай, жағымсыз сезімсіз, сергек тұрдың. Саған күш-қуат пен денсаулық берген Аллаға шүкірлік айт, өйткені біреудің денсаулығы жоқ, төсектен тұруға қауқары-дәрмені жоқ, ал енді біреулер болса төсекке таңылған...

3. Душ қабылдап, сергіп аласың. Ал бір жерлерде адамдар душқа түспек тұрмақ, ауыз суға да мұқтаж болып отыр, өйткені су тапшы...

4. Азық-түліктен қалағаныңды аласың. Жер бетінде қаншама миллион адам тамақсыз үнемі ашығуда екенін сен білесің бе?

5. Алла Тағала саған иіс-дәм сезу қабілеттерін нәсіп еткен, сен жеген тамағыңнан рахат аласың — кейбір адамдар дәм сезбейді, олардың тамақтануы формалды түрдегі жеу ғана...

6. Алла саған күннің шығуы мен батуын, таулардың шыңын, көз тартар әдемі гүлдерді тамашалауға мүмкіндік берді. Осындай сұлулықты көрмей қалай өмір сүрер едің?.. 

7. Құстардың сайрап салған әнін, теңіз толқынының шуылын, жаңбырдың тамшылап жауғанын, анаңның аялы үнін сен ести аласың... Ал есту қабілетінен айырылған адамдардың неге мұқтаж екенін сен түсіне алар ма екенсің?

8. Сен ұлыңның сыңғырлап күлгеніне қуанасың, қызыңның жұмсақ шашын сипайсың, бірақ Алла Тағала кейбір адамдарды өз балаларын бағып-қағу бақытынан айырған, ана болу бақытына қол жеткізе алмай жүрген әйелдер қаншама десеңізші?..

9. Жұмыс күнінен кейін сен тәтті ұйқыға кетесің, ал басына қиын-қыстау күн туған әлдекім мүлкін жоғалтып алудан қорқып әрі шешімі табылмаған мәселелерден басы қатып, тіпті бір минут та тыныш ұйықтай алмайды.

10. Жаратушы саған Оған разы болу, Оны дәріптеу, мадақтау бақытын берген, ал басқа біреу болса, Алла Тағаланың бар екенін, Қиямет күнгі болар сұрақтың бар екенін біле тұра, оны бұл фәни дүние қамы Жаратушы Жалғыз Алланы еске алудан алыстатқан. Алла оған дұға жасап қолын көтеруге, көзінен жасын ағызып шын ниетімен тәубә жасауға не болмаса Әлхамдулилләһ, СубханАлла, Лә иләһа иллә Лләһ деп айтуға мүмкіндік бермеген...
Алла Тағаланың бізге берген нығметтеріне разы болып, Жаратушымызға сансыз шүкірлер айтып отыруды есімізден шығармайықшы.

Ал ертең, егер Алла қаласа, бізді тағы да қызығы мен шыжығы мол бір күн күтетін болады ...

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: