Дұғаның күшімен аққан өзен (Омар халифаның кезінде орын алған оқиға)

Дұғаның күшімен аққан өзен (Омар халифаның кезінде орын алған оқиға)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халифа Омардың (р.а) заманында Мысыр халқы  өздеріне әмір болып тағайындалған сахаба Әмр ибн әл-Асқа (р.а) келіп:

"Ніл өзенінің бір әдеті бар еді. Бұл әдеті орындалмаса, оның суы тартылып қалады. Сондықтан осы айдан 12 күн өткенде бір қызымызды құрбан етеміз. Жанұясына ақша беріп, разылығын алып, ол қызды киіндіріп Ніл өзеніне лақтырамыз", - дейді (ол кезде халық арасында сондай сенім болған екен). Бірақ Әмр ибн әл-Ас (р.а) мұны құптамайтынын білдіріп:
- Ислам бұған рұқсат етпейді, - дейді. Себебі, Алла Елшісі (ﷺ): «Алладан өзгеге арнап құрбан шалғанды Алла лағнет етті (қарғады)», - деген еді. 
Арада біршама уақыт өткенде Ніл өзенінің суы, шынында да, тартылып қалады. Өзеннің айналасындағы Мысыр халқы көше бастайды. Әмр ибн Ас (р.а) енді бұл жағдайды халифа Омарға (р.а) жеткізеді.
Омар (р.а) оған:
«Олардың әдеттерін орындамағаның дұрыс болған», - дейді де, хат жазып, «осы хатты Ніл өзеніне таста», - деп бұйырады. Әмр ибн Ас (р.а) Омардың хатын Ніл өзеніне тастайды. Ертеңінде өзеннің суы қайтадан аға бастайды және бұдан кейін еш тоқтамайды.
Сөйтсе, Омар (р.а) әлгі хатқа: «Ей, Ніл! Егер «бұрын өзім ағып тұрған едім» десең, онда ақпа! Ал егер сені еш серігі жоқ Жалғыз және Қаһһар (Өктем, барлық күш-қуаттың Иесі)  Алла Тағала ағызған болса, онда Жалғыз,  әл-Қаһһар Алладан сені ағызуы үшін дұға етемін, ағызуын сұраймын...» - деп жазған екен...
Демек, Алланың күш-қуаты барлық нәрсеге толық жететін болғандықтан, Оған ғана арқа сүйеп, сенім білдірген адам кез келген қиындық пен кедергіні жеңіп шығады екен. Шәкәрім айтқандай, "Бір Алла Тағаланың Өзінен басқадан пайда да, зиян да жоқ. Не болса да, Алланың пәрменімен болады".

 

asylarna

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: