Бас мүфти Жамбыл жастарына дәріс оқыды

Бас мүфти Жамбыл жастарына дәріс оқыды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде студенттермен кездесті.
 
Кездесуге қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен оқытушылар қатысты.
 
ТарМУ ректоры Махметғали Нұрғалиұлы студенттерге Бас мүфтимен кездесудің маңыздылығын түсіндіре келе сөзді Серікбай қажы Оразға ұсынды.
 
"Бүгінгі жастарымыздың бойында көрініс табуы тиіс құндылықтардың бірі - қоғамға пайдалы болу. Пайғамбарымыз: "Жақсы адам - қоғамға пайдалы болған пенде", - деген. Біздің қоғамға әртүрлі саланың майталман мамандары қажет. Демек, баршамыз өз саламыз бойынша осы қоғамға бір кірпіш болып қалануымыз керек", - деді Серікбай қажы Ораз.
 
Кездесу соңында студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, Бас мүфтимен сұхбаттасты.
 
muftyat.kz
 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: