Ғалымдар ежелгі мысырлықтардың Пирамида құрлысын қалай жүргізгенін тапты

Ғалымдар ежелгі мысырлықтардың Пирамида құрлысын қалай жүргізгенін тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғалымдар ежелгі мысырлықтардың пирамидалар құрлысын қалай жүргізгенінің мүмкін болар тәсілін тапты.

Луксордың маңайындағы алебастр шығарылатын карьерлердің бірінде ежелгі заманда ірі тас кесектерін көтеру үшін пайдаланылатын сырғыма баспалдақтардың  ізі табылған.

Science Alert басылымының мәлімдеуінше, табылған олжаның шамалы жасы 4,5 мың жылды құрайды. Құрылым екі жағында баспалдақтары және ағаш бағандар үшін қалдырылған көптеген орындары бар еңістеу келген алаңды елестетеді.

Бағандарға арқанмен байланып тұратын жылжымалының үстіне алебастрдың кесегін салатын болған. Жұмысшылар арқанды тартқанда рампа бойымен 20 және одан артық градуста кесекті орналастыра алатын болған.  

Пирамида құрлысын жүргізуде алебастр негізгі материал болмаған, алайда оны едендері әрлеуге, мүсіндерді, тас табыттарды және ғимараттардың ішкі көріністерінің элементтерін жасауда қолданған.

Ғалымдардың пайымдауынша, пирамидаларды салу барысында тас кесектерді жылжытып, жоғарыға көтеру үшін дәл осы құрылым қолданылған.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: