Татарстан мешіті Ресей президентінің грантын алды

Татарстан мешіті Ресей президентінің грантын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Лаишев ауданына қарасты Татарские Саралы ауылы 300 мың рубль көлемінде президент грантын алып, енді өз жобасын жүзеге асыратын болады.

Коммерциялық емес ұйымдарға қолдау көрсететін жалпыресейлік грант байқауына Татарские Саралы ауылының дамуы тұрғындардың тағдыры арқылы баяндалатын «Өткеннің баспалдақтары» атты жоба көрсетілген болатын.

«Татар-информ» ресурсының мәлімдеуінше, жоба аясында мамандар су басып кеткен аймақтарда қалған ауылдар тарихынан көрініс беретін көрмелер ұйымдастырады, сонымен қатар, су жайылған аймақта қалған елді мекендердегі тұрғындардың естеліктері мен құжаттарға негізделіп жасалатын «Менің Отанымның бастауы осы жер...» атты буклет жасап шығаратын болады.

Айта кететін бір жайт, Лаишево, Державино, Чирпы, Атабаево, Татарские Саралы, Ташкирмень және Курманаково елді мекендер бойынша «Менің Отанымның бастауы осы жер...» атты виртуалды экскурсиялық бағыт жасау көзделіп отыр. Сондай-ақ, аталмыш жобада Куйбышев су қоймасының салынуына байланысты жоғалып кеткен ауылдар тарихын зерттеу де қарастырылған.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: