Сауд Арабиясында карикатурашы 5 жылға түрмеге отыруы мүмкін

Сауд Арабиясында карикатурашы 5 жылға түрмеге отыруы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабияда карикатурашының үстінен сот ісі жүргізілуде.

Бұл карикатурашыға басқа елдің тапсырысымен Сауд  Арабиясын келемеждеп салған мазақ суреті үшін айып тағылып, сот алдында жауап беруде.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, аталмыш карикатурашының жалпы саны жүзден асатын «ақшалай сыйақыға Сауд Арабиясына өшпенді мемлекет пен оның үкіметін қолдау үшін» келемеж суреттер салғаны анықталған.

Осы әркеті үшін оған 5 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Карикатураның дәл қай елдің пайдасы үшін салынғаны айтылмаған. Қазіргі таңда Сауд Арабиясы Иран және Катармен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: