Өзбекстан мұсылмандарына жеке меншік компаниялар арқылы қажылыққа баруға тыйым салынды

Өзбекстан мұсылмандарына жеке меншік компаниялар арқылы қажылыққа баруға тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұдан былай Өзбекстан мұсылмандары умраға жеке меншік компаниялар арқылы бара алмайтын болады.

Іс жүзінде Өзбекстан үкіметі республика мұсылмандарынының үлкен және кіші қажылыққа жеке меншік компаниялар арқылы баруына тыйым салып, бұл нарықты толықтай монополияландыруда.

«Озодлик» ресурсы турфирма қызметкерлері және Өзбекстан үкіметіне қарасты Дін істері жөніндегі комитет өкіліне сілтеме жасай отырып, турфирмалар арқылы умраға баруға ниет білдіргендерге виза беруді БАӘ Сауд Арабия елшілігі тоқтатып қойғандығын мәлімдеген.

Негізі, бұл бас тарту республикадағы Мұсылмандар діни басқармасының тыйым салуымен түсіндірілген.

Комитеттің қызметкері баспаға аты-жөнін көрсетпей берген сұхбатында бұл шешім «кіші қажылыққа барудың бірыңғай ережелерін сақтау мақсатында» қабылданған деп айтқан.

Өзбекстаннан кіші қажылыққа баратын мұсылмандарға берілген квота саны алты мыңды құрайды.

Сонымен қатар, қажылық пен умраны ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі туралы Ереже бар, бұл Ережеге сай өзбектер кіші қажылыққа екі жылда бір рет қана бара алады.

«Егер біздің азаматтар жеке фирмалардың қызметіне жүгініп, қалаған уақыттарында умраға баратын болса, бұл Ережені сақтау өте қиынға түседі», - деп айтқан сұхбат беруші.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: