Аллаға зікір айтып жүрудің пайдасы мен қасиеті

Аллаға зікір айтып жүрудің пайдасы мен қасиеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Зікір шайтанды қуып, оның күшін әлсіретеді;

2. Алла разылығының себебі болып табылады;

3. Жүректегі қобалжу мен мұңды қуады;

4. Жүректе қанағаттану мен қуанышты тудырады;

5. Тән мен жүрекке күш-қуат береді;

6. Жүрек пен жүзді нұрландырады;

7. Рызыққа бөлейді;

8. Зікір айтушыға қасиетті, үрей тудыратын әрі сүйсіне қарайтын киім кигізеді. Оның бет-бейнесі үрей тудырады әрі оған сүйсіне қарайтын болады;

9. Зікір - Аллаға деген сүйіспеншілікті тудырады, ал сүйіспеншілік діннің өзегі, исламның рухы және бақыт пен құтылудың қайнар көзі болып табылады.

Кімде-кім Алланың сүйіспеншілігіне қол жеткізгісі келсе, көп мәрте зікір айтсын. Оқу мен қайталау ілімнің есігі болып табылса, зікір - Алланың сүйіспеншілігіне деген есік болып табылады.

10. Зікірден ихсан дәрежесіне жеткізетін муракаба пайда болады. Ихсан дәрежесіне жету – Алланы көріп тұрғандай болып құлшылық ету.

11. Зікір – Аллаға жүгінуді тудырады, осылайша, біртіндеп Алла пана болатын, барлық кезде Қорғаушы болатын күйге қол жеткіземіз. Әр қиыншылықта жүзіміз Аллаға қарайтын болады.

12. Ол Аллаға жақындатады. Зікір қанша көп болса, сонша жақындық та болады. Зікірді елемеу – Алладан алыстатады.

13. Зікір - Алланы танып-білдіретін есікті ашқызады;

14. Алла Ұлылығының алдында жүректерде діріл пайда болады әрі Алланың бар екені туралы ұғымды қалыптастырады;

15. Алла алдында сені еске түсіретін құрал.

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын...» (2:152). Және де хадисте былай келтірілген:  «Кімде-кім Мені ішінен еске алса, Мен де оны ішімнен еске аламын». Жоғарыдағы аят пен хадисте келтірілгендей, зікірдің артықшылығы мен мәртебесіне осы құндылықтардың өзі-ақ жеткілікті, алайда оның өзге де құндылықтары бар.

16. Ол жүректі тірілтеді. 

17. Зікір – жүрек пен жанның қорегі. Егер олар қорек алмаса, дене қорек алмағанмен тең.

18. Ол жүректі тоттан тазартады. Хадисте келтірілгендей, барлық нәрсені тиісінше тот пен шаң басады. Жүректегі кір мен тот — бұл құштарлық пен елемеушілік. Зікір жүректі осылардан тазартады.

19. Ол күнәлар мен қателіктерді жояды.

20. Пендені Алладан келетін алаңдаушылықтан құтылдырады. Пендеде көңіл алаңдаушылығы болып тұрады, ол тек зікір айтумен ғана кетеді.

21. Зікір айтатын адам жайында – Алла Тағала Аршысының төрт жағында айтылатын болады. 

22. Зікірді оп-оңай айтатындарды, Алла Тағала қиыншылық кезінде есіне алады.

23. Бұл – Алла Тағала жазасынан құтылу құралы.

24. Ол сакина мен Алла мейірімінің түсірілу себебі болып табылады. Зікір айтушыларды періштелер қоршап тұратын болады.

25. Зікірдің арқасында тіл ғайбаттан, өсектен, өтірік пен бос сөзден таза болады. Тілі зікірге үйреніп алған адам әдетте бұл қателіктерден ада болады. Ал тілі зікірге үйренбеген адам бос сөздерге үйір келеді.

26. Зікір айтушы жиын — бұл періштелер жиыны, ал бос сөз бен мылжың әңгіме – шайтандардың жиыны. Адам баласы өзінің жанына ұнайтын жиынды таңдайды.

27. Зікір айтушы да, оның қасындағылар да Алланы еске алудан бақытқа кенеледі. Ал бос сөз айтып, зікір айтпайтындар да әрі оның айналасындағылар да бақытсыз.

28. Зікір Қиямет күнгі өкінуден қорғайды. Хадисте келтірілгендей, Алла Тағала еске алынбаған кез-келген жиын, Қиямет күні өкіну мен шығынға ұшыраудың себебіне айналады.

29. Егер кімде-кім оңашада зікір айтып отырып, жылайтын болса, Қиямет күні қайта тірілгендер ми қайнайтын аптап ыстықтан жандарын қайда қоярын білмегенде, әлгі адам Алла Аршысының көлеңкесінде болатын болады.

30. Зікір айтатындар дұға жасайтындардан көп алады. Бір хадисте Алла Тағала кімде-кімге зікір айтуы дұға жасауына мүмкіндік бермесе, Ол оған дұға жасаушылардан да артық береді делінген.

31. Құлшылықтың ең жеңіл түрі болғанына қарамастан зікір бәрінен де асып түседі, яғни, басқа дене мүшелерін қимылдатқаннан гөрі тілді қимылдату жеңіл.

32. Аллаға зікір айту – Жұмақтың рахаты.

33. Зікір үшін уәде етілген сый мен нығметтер, басқа ешбір амалдар үшін берілмейді. Бір хадисте кімде-кім: «Ля иляха илляллаху, уахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку уа ляхуль хамду, уа хуа ‘аля кулли шай’ин кадир» - (Құлшылық етуге серігі жоқ Жалғыз Алладан басқа ешкім лайық емес, осы дүние мен ақирет билігі және барлық мадақ тек Оған ғана тән әрі Ол – әрбір нәрсеге Құдіретті), - деп 100 рет айтса, оған 10 құл азат еткендей сый беріледі, 100 жақсы амал жазылады әрі 100 теріс қылықтары кешірілетін болады. Кешке дейін шайтаннан қорғалады. Және де одан артық ешкім жақсы болмайды, тек зікірді одан да көп айтқандар ғана. Сонымен қатар, зікірдің ең жақсы амал болып табылатындығын көрсететін басқа да көптеген хадистер бар.

34. Зікірді үнемі айтып жүру – адамды екі дүние бақытсыздығына ұшырату себебі болып табылатын өзін-өзі ұмытудан сақтайды. Сондай-ақ, Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:

«Сондай Алланы ұмытқан, Алла оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар» (59:19).

35. Төсекте жатып немесе базарда жүріп, денің сау болып немесе сырқаттанып жатып – қай жерде болмасын айтылған зікір адамның дәрежесін көтереді. Әр кез адамның дәрежесін көтеріп отыруға себеп болатын зікірден басқа ештеме жоқ.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (77)

Оқи отырыңыз: