Аллаға иман келтірген Әсия. Перғауынның әйелі туралы таңғажайып оқиға

Аллаға иман келтірген Әсия. Перғауынның әйелі туралы таңғажайып оқиға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хадистердің бірінде Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Көптеген еркектер әйелдердің күші жете бермейтін жетістіктерге қол жеткізеді, тек Имранның қызы Мәриям мен Перғауынның жұбайы Әсияны қоспағанда. Оның артықшылығы етті тағам сариданың басқа тағамдардан артықшылығы сияқты» (Бұхари).

Сонымен, хадиске сай Пайғамбарымыз (ﷺ) мақтаулы түрде айтқан Әсия кім болды?  Оның есімі Әсия Музахим қызы, ол ең қайырымсыз әрі озбыр билеушілердің бірі Перғауынның әйелі болған, ал Перғауынның тәкаппар болғаны сондай, ол өзін Құдай деп атаған.

Алла Тағаланың қалауымен, Мұсаға (а.с.) даналық, ілім мен билік және адамдарға ақиқат түсірілгенде Перғауын ашу-ызаға булығып, Аллаға иман келтіргендерді қудалай бастайды. Сол қудаланғандардың ішінде оның әйелі Әсия да бар еді …

Қасиетті Құранда Алла Тағала Әсияны мүміндерге үлгі етіп келтірген:

«Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар” деген еді» (66:11).

Ол хақ дінді қауіпсіздік пен өміріне ауыстырмаған әрі қатыгез күйеуінің азаптарына шыдап баққан. Катада Әсия туралы былай айтқан: «Фараон жер бетіндегі ең қатыгез әрі ең имансыз адамдардың бірі болған, бірақ Алламен ант етемін! Перғауынның әйеліне оның имансыздығы еш әсер етпеген, өйткені ол өзінің Жаратушысына ғана бойұсынған. Ендеше, біліп қойыңыздар, Алла – Әділ Сот және ол әркімді тек өз күнәсі үшін ғана жазалайды».

Ибн Жарир Әбу Баззаттан Әсияның оқиғасы туралы былай келтірген: «Перғауынның әйелінен Мұса мен сиқыршылардың қайсысы жеңеді деп сұрайды. Әсия: «Мұса мен Харун жеңеді», - деп жауап береді. Одан: «Сен Мұса мен Харунның Құдайына иман келтірдің бе?» - деп сұрайды. Бұл сөз Перғауынға дейін жетеді де ол Әсияны алып келуге бұйырады: «Оның үстіне үлкен тасты көтеріңдер де оның діні туралы сұраңдар. Егер ол айтқанын қайталайтын болса, оның үстіне тасты тастап жіберіңдер, ал егер айтқанынан бас тартса, онда менің әйелім болып қала береді». Оның үстіне үлкен тас көтеріледі, Әсия көзін көкке көтергенде оған оның Жұмақтағы үйі көрсетіледі. Содан кейін ол өзінің айтқан сөзін – Мұсаның Құдайына иман келтіргендігін айтады, Перғауынның тасы үстіне құламай тұрып, Алла Тағала ол кісінің жанын алып қояды да үлкен тас жаны жоқ бос денеге түседі».

Әсияның: «Раббым! Өз жаныңнан маған Жұмақтан үй жаса!» деген сөздері туралы ғалымдар былай айтқан: «Ол өзіне үй таңдамай тұрып, көршілерін таңдаған». Сондай-ақ, Әсия былай да айтқан: «Мені Перғауын мен оның істегендерінен құтқар!», яғни: «Мені одан құтқар, өйткені оның істеген амалдарына менің қатысым жоқ». Басқа риуаяттарда келтірілгендей, Перғауын үлкен тасты оның үстіне жай тастай салмай, Әсияны қаншама азапқа салған. Оның қол-аяқтарына қазықтар қағып қойған. Содан кейін оған Алла оның Жұмақтағы үйін көрсеткенде, ол күлімдейді. Ал Перғауын болса: «Біз оны азаптап жатсақ, бұл ессіздің күлгенін қараңдар», - дейді. Осыдан кейін Алла Тағала оның жанын алып қояды».

Әсияның өмірі – оның алдында үрей мен жан-тән азабы сейілетін, бұл дүние нығметтеріне құштар болудан сақтайтын дінге деген беріктікте ғана емес, сондай-ақ, ең алдымен адамдарға емес, Аллаға жалбарынуында, өйткені қиын сәттерде адам өзіне жақындарын еске алады. Ал Әсияның Алла Тағаланы есіне алуы – оның иманының таза әрі Жаратушыға деген құштарлығының күштілігін көрсетеді.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (10)

Оқи отырыңыз: