Салах 2018 жылғы ең үздік голдың авторы атанды

Салах 2018 жылғы ең үздік голдың авторы атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британдық «Ливерпуль» клубының және Мысыр құрамасының форварды Мұхаммед Салах,  ФИФА нұсқауы бойынша 2018 жылғы ең үздік голдың авторы атанды.

Ференц Пушкаш атындағы сыйды 26 жасар мысырлық Англия премьер-лигасы аясында «Эвертонмен» өткен матчта соққан голы үшін алды.

Марапаттау рәсімінде Салах бұл голдың өзінің сүйікті голы болып табылатынын мойындады.

«Бұл менің соңғы номинациям еместігіне кәміл сенемін, өйткені өткен маусымға қарағанда әрқашан үздік болғым келеді. Менің сүйікті голым – ол «Эвертонмен» болған матчтағы гол, өйткені бұл менің алғашқы дербиім болатын, дегенмен, мен үшін барлық голым маңызды», - деп атап өтті Салах.

Айта кету керек, Салах 2018 жылдың ең үздік футболшысы атағына да үміткер болған, алайда бұл номинация бойынша мадридтік «Реал» клубының және Хорватия құрамасының ойыншысы Лука Модрич жеңімпаз атанды.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: