Сауд Арабиясында тұңғыш рет әйел адам кешкі жаңалықтарды жүргізді

Сауд Арабиясында тұңғыш рет әйел адам кешкі жаңалықтарды жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы мемлекеттік телеарнасында тұңғыш рет әйел адам басты кешкі жаңалықтар жүргізушісі болып тағайындалды. Көгілдір экранға Виам әл-Дакхиль  Омар әл-Нашванмен бірге шыққан.

2016 жылы Виам әл-Дакхиль Сауд Арабияда жаңалықтарды жүргізетін тұңғыш әйел болған.

Енді оған прайм-таймда эфирге шығатын негізгі хабарды жүргізу «сеніп тапсырылып» отыр.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы айларда Сауд Арабия үкіметі қыз-келіншектердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қатты қолға алып жатыр. Қазіргі таңда нәзік жандыларға кезінде қол жетімсіз болған – автокөлік жүргізу, әскер қатарында қызмет ету және бір қатар лауазымдар мен қызметтерге тағайындалуға рұқсат берілді.

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: