Үндістан тұрғыны өзінің мешітке деген қарым-қатынасымен елді тәнті етті

Үндістан тұрғыны өзінің мешітке деген қарым-қатынасымен елді тәнті етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам Ньюс ресурсының мәлімдеуінше, 2013 жылы Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орналасқан Музаффар округінде тұратын мұсылмандарға үндістер тарапынан көрсетілген қуғын-сүргін адамдардың жаппай қырылуына әкеліп соққан. Ойран салу кезінде жергілікті бір тұрғын жақтастарымен бірге ауыл мешітін жойылып кетуден сақтап қалған болатын.  

Қырғын кезінде мешітті жермен жексен етуден сақтап қалған оқиғадан бері 5 жыл -өтсе де 59 жасар үндіс Рамвир Кашьяп 120 жыл толған жергілікті мешітке әлі де қамқор болуда.  Қайғылы оқиғадан бері аталмыш мешіт орналасқан Нанхеда ауылында бірде-бір ислам дінін ұстанушы мұсылман тұрмаса да ғибадатханаға қарауды Равмир өзінің міндеті деп санайды.

Өзінің жұмысындағы түскі үзілісі кезінде Рамвир мешітке келіп, оның ішін тазалап тұрады. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ол ғибадатхана ішін ағартып қояды. «Менің дінім барлық құлшылық ететін орындарға құрметпен қарауды үйретеді», –  дейді Нанхеда тұрғыны Равмир Кашьяп.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: