Манчестер халқы ислам өнерімен танысатын болады

Манчестер халқы ислам өнерімен танысатын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы жылдың қараша айында Манчестерде қала тұрғынары мен меймандарын мұсылмандардың бай өнері және мәдениетімен таныстыратын мұсылман өнер фестивалі өтеді.

Шараны ұйымдастырушы шығу-тегі пәкістандық болып келетін жазушы Каисра Шахраздың мәлімдеуінше, форум аясында бірқатар іс-шаралар, соның ішінде, көркем көрме, әдеби оқулар, сондай-ақ, гастрономиялық, музыкалық және әзіл-оспақ фестивалдері өткізіледі деп жоспарлануда.

Айта кететін жайт, аталмыш фестивальдің барлық іс-шаралары қаланың ірі мұражайларында, кітапханаларында, галереяларында, сондай-ақ, Манчестер университетінің аумағында өткізілетін болады.

Фестивальдің ең қызықты сәттерінің бірі – ислам дінін қабылдаған Стэлибридж қаласының мэрі, бұрынғы консерватор Роберт Стэнлидің шөберелерімен жүздесу болмақ.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: