Өкіл имам шәкірттерді жаңа оқу жылымен құттықтады

Өкіл имам шәкірттерді жаңа оқу жылымен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда елімізде жастардың дінге бет бұрып, Ислам дініне қызмет етуге ниеттілер саны артып отырғаны қуантарлық жайт. Діни ілім алып, тура жолды насихаттауға, Ислам дінінің өркен жаюына еңбек етудің сауабы да мол екені белгілі.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, медресе директоры Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы «Һибатулла Тарази» медресесіне жаңа оқу жылына қабылданған шәкірттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бас имам Пайғамбар (с.ғ.с.) тағылымын өмірлік өнеге еткелі отырған жастарға ғибратты уағыз айтып, дін ілімін игеруде қажет етілетін талап-шарттарды тарқатып берді. Асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелер міндет пен абыройдың да салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет қылуға үндеп, аянбай білім алуға шақырды, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс тіледі.

Медресе табалдырығын енді аттаған шәкірттер өз кезегінде ұлағатты ұстаздан алған ақыл-кеңесті білім жолында басшылыққа алатындарын айтып, алғыстарын жеткізді.

«Һибатулла Тарази» медресесі еліміздегі іргелі оқу ордаларының бірі. Биылғы жылы медресеге 35 шәкірт қабылданса, қазіргі таңда  жалпы саны 67 шәкірт білім алып жатыр.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: