«Әулие ата» мешітінің сыныбы күрделі жөндеуден өтті

«Әулие ата» мешітінің сыныбы күрделі жөндеуден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әулие ата» мешітіндегі әйелдер сауат ашу курсының шәкірттері  және мешіт ұжымының бастамасымен жаңа оқу жылына дайындық үшін сыныптардың жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шәкірттер дәріс алатын сыныптарға жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар алдырылды.

Сондай-ақ, мешіт ұжымы мен шәкірттері ауланың тазалығы мен әктау жұмыстарын өздері жүргізді. Тазалық иманның айнасы демекші, мешіт шәкірттері жаңартылған сыныпта  жаңа қарқынмен ілімдерін жалғастыруға қуана дайын отырғандарын айтып жеткізді.

«Қатарымыздың көбеюіне есігіміз ашық»,  деп өз қуаныштарымен бөлісті.  Дәл осындай ықыласты жамағат саны арта берсе деген тілектеміз.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: