Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешіті жыл сайын балалардың бос уақытын тиімді өткізу, оларды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді. Курсқа ауданға қарасты жалпы білім беретін оқу орындарының жасөспірімдері қамтылады.

Маусымдық кезеңдегі қыздардың сауат ашу курсының кезекті тобы өз жұмысын аяқтады. Сауат ашу курсына қатысқан жасөспірім  қыз балалар Құран оқу, имандылық, тәрбие бағытында біршама мағлұматтар алып, Ислам дінінің қағидаттарымен сусындады.

Барлығы 30-ға жуық жас шәкірттер аудандық мешіттің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлының қолынан сертификат алып, ата-аналар алғысын жеткізді.

Бала тәрбиесіндегі маңызды роль атқаратын факторлардың бірі – оларға  имандылық дәнін себу болса, бұл бағытта мешіт жанындағы сауат ашу курсы өз үлесін қосуда.

 

Әбілда Мейірханов,

 зейнеткер

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: