Жамбыл облысы бойынша Құрбан айтта 4803 отбасыға ет таратылды

Жамбыл облысы бойынша Құрбан айтта 4803 отбасыға ет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт – Алланың разылығына жеткізетін амалдар жасайтын мұсылмандардың ең қасиетті, ұлық мерекелерінің бірі.  Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы бар ол – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.   

Жылдағы үрдіске сай Жамбыл облысы бойынша Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекенің негізгі жөн-жоралғыларын атқаруда орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастап, барлық қалалық, аудан, ауыл мешіттері де жақсы нәтижелер көрсетті.

Жалпы облыс бойынша, 63 ірі қара, 1073 ұсақ мал сойылып, әлеуметтік аз қамтылған 4803 отбасыға сол құрбандық еттері үлестірілді.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: