Айлық дастархан уағызы: Кішіпейілділік – мұсылманның игі қасиеті

Айлық дастархан уағызы: Кішіпейілділік – мұсылманның игі қасиеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Құлбай баба» мешітінде Ақшам намазынан кейін айлық дастархан жайылып, қала имамдары мен жамағат бас қосты. Тараз қаласы мешіттерінің бас имамы Жұмағұл Қанат Əділханұлы  сөз сөйлеп, көпшілікті айт мерекесімен құттықтады. Бас имам кішіпейілділік туралы уағыз айтты.

Пайғамбарымыз (ﷺ) жайлы сөз қозғаған уақытта, адамның ойына бірден Оның (ﷺ) кішпейілдігі, қарапайымдылығы еске түседі. Хазреті Мұхаммад (ﷺ) – Алла Тағаланың бүкіл әлемге рақымды пайғамбар етіп, жіберген ең ұлы нығыметі мен сыйы. Бұған қатысты Жаратушы Иеміз Құранда былай деген:

«Ей Мұхаммад! Әрі Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік» (Әл-Әнбия сүресі, 107-аят). Осылайша, Алла Елшісінің (ﷺ) дүниеге келуі ғаламды нұрландырып, артынан ерген үмметін үлкен қуаныш пен бақытқа бөледі.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғұмырын, мінез-құлқы мен болымсын зерттеген кез-келген адам, Оның (ﷺ) қатардағы мұсылман ғана емес, тіпті Алла Тағаланың тарапынан жіберілген шынайы Елші екендігін еріксіз мойындайды. Алла Елшісі (ﷺ) адамзат баласына қарапайымдылықтың ең көркем бейнесін көрсете білген. Бұған, Пайғамбарымыздың (ﷺ) тал бойына топтастырған көркем мінезіне қатысты өмірінде көрініс тапқан мысалдары өте көп.

«Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың» деген «Исра» сүресінің 37-ші аятын Бас имам айтып өтті.

Жиын соңында «Кеңесхан қажы» мешітінің жамағаты Медетхан ақсақал батасын берді.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: