Мұсылман келіншектерге кеңес: күйеуіңіздің жүрегін жаулап алу үшін

Мұсылман келіншектерге кеңес: күйеуіңіздің жүрегін жаулап алу үшін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жер бетіндегі нәзік жандылардың бәрі бірдей күйеулерінің өздері дегенде ішкен астарын жерге қоятынын қалайтыны сөзсіз. Әр әйел күйеуінің онымен бірге бақытты болғанын қалайды, бірақ ол үшін әйел адам ерінің жүрегін жаулап алуы тиіс. Мұсылман келіншектерге арнап, күйеулерінің жүрегін жаулап алуға көмектесетін бірнеше кеңестерімізбен бөлісеміз:

1. Күйеуіңізді сұлулығыңызбен еліктіріңіз

Алла күллі әйел баласына сұлулық нәсіп еткен. Алла берген осынау сұлулықты еріңіздің жүрегін жаулап алу үшін қолданыңыз. Сымбаттылығыңызды ерекше етіп көрсетуге тырысыңыз.

2. Еріңізді лайықты түрде қарсы алыңыз

Еріңіз үйге оралғанда, үйдің-іші тап-тұйнақтай болып жиналып, дастархан жайылып, балалар оның мойнына асыла құшақтап, ал сіз иненің көзінен өтердей болып жәудіреп тұрсаңыз – еріңіз үшін бұдан өткен бақыт болмасы сөзсіз. Шүбәсіз, бұл жайт еріңіздің сізге деген сүйіспеншілігін арттыруға әкеліп соғады. Ал енді осы жайтты көзіңізге керісінше етіп елестетіп көріңізші, нәтижесі неге апарып соғар екен?..

3. Жұмақ мекендеушілерінің қасиеттерін танып-біліп, соларға ұқсауға тырысыңыз

Құран мен Сүннетте Жұмақ мекендеушілеріне тән нақты сипаттама баяндалған. Мысалы үшін, олардың киімдері жібектен болады, үлкен қара көзді және күйеулеріне ән салатын болады делінген. Жібектен киім киіп, көздеріңізге сүрме жағып, ерлеріңізге ән айтып беріңіздер.

4. Әшекейлер тағынып, әдемі киініп жүріңіз

Қыздар кішкене күндерінен бастап Құранда жазылғандай, сырға, білезік тағып, әдемі көйлектер киіп жүреді. Келін болып түскен соң да өздеріңізді ерлеріңіз үшін безендіріп, әдемі көйлектер киіп жүріңіздер.

5. Ерлеріңізбен қалжындасып, ойнаңыздар

Ер адамдар қамсыз, әзіл-оспақты түсіне білетін қыз-келіншектермен араласқанды жақсы көреді. Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болын) Жабирге былай айтқан: «Әйелдікке – сен оны күлдіре алатын және ол сені күлдіре алатын жанды ал». 

6. Еріңіздің сіз үшін жасап жүрген жақсылықтары үшін алғыс айтыңыз

Бұл отбасылық өмірдің аса маңызды көріністерінің бірі, өйткені алғысы жоқтық – Тозақ мекендеушілерінің қасиеті болып табылады.

7.  Сіздікі дұрыс болып тұрса да кешірім сұрай біліңіз

Дауласудан, сөз таластырудан аулақ болыңыз. Ерегесе берсеңіз, одан сайын отқа май құя түсесіз. Ал сіз үшін өз дұрыстығыңызды дәлелдеуден гөрі үйдің тыныштығы маңызды емес пе?

8. Еріңіздің разылығын алуға тырысыңыз, өйткені ол Жұмақтың кілті болып табылады

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күйеуі разы болған әйел өлгенде Жұмаққа барады», - деген. Бұл сізге Жұмаққа кірудің түрткісі болсын.

9. Тыңдап әрі бойұсыныңыз

Еріне бағыну – бұл парыз. Еріңіз – сіздің үйіңіздің иесі. Оған осы құқықты беріп, оның шешімдеріне сыйластықпен қараңыз.

10. Сіздің қарым-қатынасыңыз бен некеңізді Алла мейіріміне бөлесін деп дұға жасаңыз

Барлық игілік Алладан. Алла Тағаладан осы дүниеден бастау алып, ақирет өмірде жалғасын табатын бақытты неке нәсіп етуін сұраңыз.

Жаратушы Алла барлық ерлі-зайыптыларға бақытты өмір сүруге нәсіп етсін. Әмин.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: