Таң намазын жіберіп алмаудың 8 амалы

Таң намазын жіберіп алмаудың 8 амалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамдардың басым көпшілігі таң намазына ояна алмай, ұйықтап қалып жатады. Жұмыс істейтіндер мен оқитындар үшін таң намазына өте ерте ояну қиындау тиеді, ал қыс кезінде бұған суық ауа райы қосылып жағдай одан да қиындай түседі. Аsyldin.kz таң намазын жіберіп алмас үшін орындалатын 8 амалды назарларыңызға ұсынады. 

Егер адам бір нәрсені жан-тәнімен қаласа, ол оны міндетті түрде жүзеге асырады. Сол сияқты, таң намазына ниет етіп, оны оқығысы келген адам қандай жағдай болмасын, барлық мүмкіндікті пайдаланып, Алла Тағаланың бұйырғанын бұлжытпай орындайтын болады.

Естеріңізде болсын, уақытында оқылған намаз Алланың сүйікті амалдарының бірі, ал таң намазы кімнің шынайы мүмін, ал кімнің екіжүздіні екенін ажырататын құлшылықтың түрі.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады... Олар, намаздарына ұқыпты» (23:1-2, 9).

Алла Елшісі ()былай айтқан: «Сендердің амалдарыңның ең жақсысы намаз болып табылады, соны біліп қойыңдар!»

Алайда пенденің өзіне тән әлсіздіктері бар, осы әлсіздіктер сауапқа кенелу жолында оған көп кедергі келтіреді. Төменде таң намазын қаза етпей, оны уақытында оқуға көмектесетін 8 амалды ұсынамыз:

1) Қоңыраулы сағатыңызды төсектен аулақтау жерге қойыңыз. Сонда оның қоңырауын сөндіру үшін сізге жатқан орныңыздан тұру керек болады, осылайша, сіздің ұйқыңыз шайдай ашылатын болады.  

2) Егер сіздің ұйқыңыз қатты болатын болса, онда дауысы зор екі қоңыраулы сағатты пайдаланыңыз. Біреуін төсектің қасына, ал екіншісін – төсектен аулақтау орынға қойыңыз. 

3) Ұйықтар алдында шын ниетпен келесі дұғаны айтып жатыңыз: «Уа, Алла, таң намазға тұрғым келеді. Таң намазымды қаза етіп алмау үшін, маған таупиық бере гөр».

4) Таң намазына тұратын үй-іші мүшелеріне өзіңізді міндетті түрде оятуларын айтыңыз.

5) Досыңызға намазға 20 минут қалғанда сізге қоңырау шалып, оят деп айтып қойыңыз.

6) Ұйқыға ерте жатыңыз, адам ұйқыға қаншалықты кеш жатса, соншалықты оған таң намазына тұру қиынға соғады.

7) Шайтан адамды жалқаулыққа итермелеп, таң намазын кейінге қалдыруға мәжбүрлейді. Ояна салып, мына дұғаны айтыңыз: «Барлық мадақ өлгеннен кейін бізді қайта тірілтетін Аллаға тән. Біз Оған қайтамыз».

8) Содан кейін: «Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ» дұғасын оқыңыз.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: