Ең қиын үш жағдай

Ең қиын үш жағдай

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазірет Айша (ОғанАлларазыболсын) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, Пайғамбарымыз (ОғанАлланыңигілігіменсәлемі болсын) келіп не үшін жылағанын сұрады. Ол:

– Уа, Алланың Елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым, – деді, сөйтті де:

– Қиямет күні сіз жанұя мүшелеріңізді еске ала аласыз ба? – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі оған:

– Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды, – деп жауап берді,

– Біріншіде, таразыға амалдар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін,екіншіде,амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін, үшіншіде, жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте алмауың белгілі болғанға дейін. (Муслим)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: