Тозақтан құтылған әйел

Тозақтан құтылған әйел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Қуртуби (Оған Алланың рахымы болсын) тафсирінде Биләлдің (Оған Алла разы болсын) мына риуаятын келтірген: «Алланың Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жалғыз өзі Мадинадағы мешітте намаз оқып тұрғанында бір әйел келді де, Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) артында тұрып намаз оқыды. Сол кезде Алланың Елшісі  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Тозақтың жеті қақпасы бар және әр қақпадан кіретін адамдар бар»,-аятын оқыды. («Хижр», 44 аят)

Мұны естіген әйел ес-түссіз құлап түсті. Оны естіген Алланың Елшісі  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) су әкелуін бұйырып, суды бетіне себе бастады. Әйел есін жиды. Алланың Елшісі  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оны отырғызды да: «Саған не болды?»,-деп сұрады.

- Жаңа оқығаныңыз Құран аяты ма?

- Иә, Құран аяты.

- Сонда әр тозақта дененің түрлі мүшесі азаптала ма?

- Тозақтың әрбір қақпасынан кіретін адамдар бар. Олардың әрбірі істеген амалына сай азапталады.

Мұны естіген әйел Алла Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деді: «Құдай ақы! Мен бір міскін әйелмін. Менің жеті құлымнан өзге дүнием жоқ. Жәһаннамның әрбір есігінен азат болу жолында сол жеті құлды Алла Тағаланың разылығы үшін азат еттім. Уа, Алланың Елшісі! Сізді осыған куә етемін!

Сонда Жәбрәил (Оған Алланың сәлемі болсын) келіп Алла Елшісіні (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай сүйіншіледі: «Уа, Алланың Елшісі! Бұл әйелді сүйіншіле! Алла Тағала бұл әйел үшін жәһаннамның барлық есігін харам етіп, жәннаттың барлық есігін ашып қойды».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: