«Һибатулла Тарази» медресесінің түлектеріне диплом табысталды

«Һибатулла Тарази» медресесінің түлектеріне диплом табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білікті дін маманын даярлау – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта Қазақстанның барлық медреселері тынбай еңбек етіп келді.

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесін бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев және мысырлық ұстаз Сүлейман Саид, медресе ұстаздары Нұралы Бақытұлы мен Наркес Бұханов қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген бас имам Данияр қажы Әлимұхамедұлы  шәкірттерге білімнің маңызы және еліміздегі діни ахуал жайында сөз қозғап, оларды жан-жақты сауатты, ағайынға қамқор, елге тұтқа болатын, білікті болуға шақырды.

Ал, ұстаздар білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі.

2011 жылы ашылған «Һибатулла Тарази» медресесі биыл өзінің төртінші түлектерін ұшырып отыр. Оқу жылы аяқталып, қорытынды сынақтан өткен шәкірттерге диплом берілді.

Медресемізді осы жылы 11 түлек тәмамдады. Оның ішінде 6 шәкірт үздік диплом иегерлері.

Үздік белгімен бітірген шәкірттер еліміздегі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білімдерін жалғастырмақ, ал қалған шәкірттер мешіттерде молдалық, ұстаздық қызметті қолға алуды мақсат тұтып отыр.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: