Бас мүфти Астанада айт намазын жүргізді

Бас мүфти Астанада айт намазын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, айт намазын жүргізді.

«Қадірменді жамағат! Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Рамазан айында жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Бүгін отбасымызды, ағайын-жұртты, бауырлар мен көршілерді айтпен құттықтап, қуаныш сезімге бөленетін сәт. Ораза айт құтты-берекелі болсын!» – деді Серікбай қажы Ораз.

Айт намазын жүргізген Бас мүфти:

«Алла Тағала дертке ұшыраған пенделерге шипа, жолда жүрген жолаушыларға оң сапар, мұқтаж мүміндердің мұңын сейілтіп, жар болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды, халқымыздың бірлігі мен берекесі арта бергей!» – деп дұға жасады.
 
muftyat.kz

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: