Гиннес рекордтар кітабына енген ауызашар

Гиннес рекордтар кітабына енген ауызашар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы қасиетті Рамазан айында Дубайда ұйымдастырылған ауқымды ауызашар Гиннес рекордтар кітабына енді.

Нақтырақ айтқанда, ондағы жайылған дастарханның ұзындығы 6 шақырымға созылған. Бұл жайында Gulf News ақпарат көзі хабар таратты. Бұл ауызашарды Дубай қаласының полициясы ұйымдастырған. Ауызашарға 12 мың 830 адам қатысқан. Ауыз ашушылардың арасында Үндістаннан, Шри-Ланкіден, Пәкістаннан, Қытайдан, Филлипиннен және өзге де Азияның бірқатар елінен келіп, аталған елде нәпақасын айырып жүрген шетелдіктердің қарасы көп болған.

Ауызашарға ас мәзірін 35 мейрамхана дайындап, 500 адам өз еркімен қызмет көрсеткен. Өз еркімен қызмет көрсеткендер арасында мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер, кәсіпкерлер, жастар бар. Ауызашарды өткізу үшін шамамен 200 сағат дайындалуға уақыт кеткен екен. 

islam.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: