Қасиетке толы Қадір түні Шу ауданында

Қасиетке толы Қадір түні Шу ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыға күткен қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде тұрмыз. Рамазан айында түндердің төресі болған, қасиетке толы Қадір түн бар. Сол түні аспан періштелері жерге түсіп , жер бетінде береке орнап, сауаптар еселеніп жазылып, Алланың мейірім шапағаты өзінің құлдарына жауады.

Алла тағала нәсіп етіп биыл да Шу аудандық «Төле би» мешітінің жамағаты қасиетті Рамазан айының Қадір түнін өз деңгейінде өткізді. Алланың қалауымен халықтың жасаған дұғасымен биыл да мешітімізде Құран Кәрім басынан аяғына дейін оқылып хатым түсірілді.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Алмаханов Құран хатым түсірген Асатулла мен Мұхаммеджан қариларымызға қазақи үрдісіміз бойынша, иықтарына шапан жауып, жамағат атынан алғыс білдіріп, қомақты ақшалай сыйлық табыс етті.

Мешітке келген аудан тұрғындары тарауих намазын оқып, мешіттегі игі іс-шараларға белсенді түрде қатысты. Қадір түнінің қасиеті жайында уағыз айтылып, таң намазына дейін сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, сұраққа жауап берген кісілерге мешіт тарапынан дайындалған сыйлықтар берілді. Тарауих намазының бір күнін қалдырмаған 86 жасқа келген Ақтан ақсақал мен Зубайда апамызға мешіт тарапынан кілемдер үлестірілді.Сонымен қатар аудан имамы Аят Дыбысұлы мешітке келген үлкен ақсақалдарымызға   «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптар таратты.

Мешітке  келген жамағатқа сәресі асы берілді. Келесі жылғы осындай қасиетті күндер мен түндерге Алла тағала аман-есен жетуімізді нәсіп қылсын.

 

                                         Шу аудандық «Төле би» мешітініңі Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: