Бірлік күні Тараз қаласының имамдары асарға шықты

Бірлік күні Тараз қаласының имамдары асарға шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен қала имамдары «Наметбай қажы» мешітінің жаңа ғимаратының құрылысына асарға барды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мешіт имамы Абдикамбетов Абдуррахман қажының ұйытқы болуымен бұл тарихи мешіттің жаңа ғимаратының іргетасы қаланып еді. Ол шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы қатысқан болатын.

1-мамыр «Бірлік күні» ынтымағы жарасқан қала имамдары мешіт құрылысына асарға келіп, қолдарынан келгенше көмектерін аямады. Көпшіліктің қатысуымен бірлесе құм тасу, заттарды реттеу, ауланы тазалау жұмыстары жасалды.

Мешіт имамы асаршыларға дастархан жайып, алғысын білдірді.

«Кеңесхан қажы»

мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: