Қайырымдылық - асыл қазына

Қайырымдылық - асыл қазына

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адами қасиеттердің ең қадірлісі қайырымдылық болғандықтан, оны жасаудың өзі үлкен нығмет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: "Жер бетіндегілерге мейрімділік көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейрімділік көрсетеді", - деген.

Міне, осыған орай Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы жүргізілді.

Мешіт тарапынан найб имам Талғат Кəрібайұлы ауданда тұратын тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларды арнайы мешітке шақырып азық-түлік (1 қой еті, 10 кг макарон, 50 кг ұн, кеспе, қант, 50 лт сұйық май, май, шəй, томат пастасы) таратты.

Ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.
 
Шу аудандық "Төле би" мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: