Қиямет күні Пайғамбарымызға (ﷺ) жеті түрлі құрмет көрсетілетін болады

Қиямет күні Пайғамбарымызға (ﷺ) жеті түрлі құрмет көрсетілетін болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қиямет күні екі дүние Пайғамбары Мұхаммедке (ﷺ) жеті түрлі құрмет көрсетілетін болады.

Бірінші құрмет:

Қиямет күні қабірден ол (ﷺ) бірінші болып тұрады.

Екінші құрмет:

Алдымен оның (ﷺ) шапағаты қабылданады. Алла Елшісінің (ﷺ) жеті түрлі шапағаты бар.

Бірінші түрі: шапағат узма — Мақшарда тұрған күллі қайта тірілгендерге жасалатын ұлы шапағат. Бір хадисте айтылғандай, Мақшар майданға жиналғандар Қиямет күнінің қорқынышынан және ұзақ күтуден қатты үрейде болады. Олар шапағат тілеп Адам Атаға (а.с.) жүгінеді. Ол өзінде бар кемшіліктерден оның шапағаты қабыл болмай қалуы мүмкін екендігін айтады. Дәл сол сияқты басқа да пайғамбарлар өз кемшіліктерін айтып, шапағат етуге батылдары бармайды. Барлық пайғамбарлардан үміттерін үзген адамдар Алла Елшісіне (ﷺ) келеді, сол кезде тек ол (ﷺ) ғана шапағатшы бола алады әріоның (ﷺ) шапағаты бірден қабыл болады. Екінші түрі: оның шапағатының арқасында көптеген адамдар есепсіз, азапсыз Жұмаққа кіретін болады.

Үшінші түрі: көбісі есепке тартылып, азапқа лайық болып, бірақ Алла Елшісінің (ﷺ) шапағатының арқасында ғана азаптан құтылатын болады.

Төртінші түрі: есепке алынған адамдардың көбі күнәлары үшін Тозақтың азабына тасталынады, содан кейін Алла Елшісінің (ﷺ) шапағатының арқасында олар Тозақтан шығарылатын болады.

Бесінші түрі: Алланың қалауымен Жұмаққа кірген көп адамдар Пайғамбарымыздың (ﷺ) шапағатының арқасында жоғары дәрежелерге қол жеткізетін болады. Алтыншы түрі: оның араша түсуінің арқасында Әбу Тәліп сияқты бірнеше иман келтірмегендердің азаптары жеңілдетілетін болады. Жетінші түрі: Нұрлы Медине тұрғындарына арналған ерекше шапағат.

Үшінші құрмет: Ливаи-Хамд (Даңқ Туы) жалауының иесі, бұл жалаудың ұзындығы бір күндік жерге жететін болады. Бұл жалаудың күмбездерінде жазуы бар үш терезе болады. Бірінші терезеде - "Бисмилляхирахманиррахим", екіншіде - "Әлхамдулилляхи раббиль алемин", ал үшіншіде - "Ля иляха илляллах Мухаммадун расулюллах" деген жазу болады. Бұл жалау Арасат алаңына әкелінеді. Сонда мынадай бір дауыс естілетін болады:

-Әлемдердің Раббысы Алла Елшісі, тақуа иман келтіргендердің имамы, елшілердің бастаушысы, пайғамбарлардың мөрі қайда? Құрайыш, меккелік, Абдулланың ұлы Мұхаммед (ﷺ) қайда?

Пайғамбарлардың сұлтаны (ﷺ) алдыға шығады. Оған Даңқ Туы табысталынады. Осы тудың астына Адам Ата (а.с.) пайғамбардан бастап Ғиса пайғамбарға (а.с.) дейінгі барлық пайғамбарлар, әулиелер, тақуалар, дін үшін шейіт болғандар және барлық иманы мен ирфаны барлар жиналады. Әрбір Бурак тобына патша шекпені мен тәж дайындалады.

Алла Сүйіктісінің (ﷺ) басына нұрдан тәж, үстіне жібек киім кидіріп, жетпіс мың тудың алдына шығарады. Осыдан кейін Даңқ Туын мәртебелі Имам Әли әл-Муртазаға (р.а.) береді. Басқа барлық тулар осы тудың көлеңкесінде болады. Әли әл-Муртаза тарикатында болғандардың бәрі онымен бірге Жұмаққа кіреді. Уа, Раббым! Бізді пайғамбарлардың басшысының соңынан еру құрметіне лайық ете гөр!

Ливаи-Хамд атауы келесі себептен берілген. Алла Тағала Адам Атаға (а.с.) Рух үрлегенде, ол түшкіріп: «Әлһамдулиллә» деген екен. Содан кейін жауап ретінде мынаны естиді: «Сенің Раббың саған мейірімді болсын. Менің мейірімім Менің азбымнан асып түседі». Сосын оған інжу моншақтар бір-біріне соғылғанда шығатын дыбыс естіледі

- Уа, Раббым! Бұл не дыбыс? - деп сұрайды ол.

Оған мынадай жауап естіледі: - Бұл ақырзаман Пайғамбарының нұры деп айтады.

Адам Ата (а.с.) оны көргісі келеді. Алланың қалауымен нұр Адам Атаның (а.с.) маңдайынан сұқ саусағына ауысады. Ол тырнағында тұрған нұрға айнаға қарағандай болып қарайды да, саусағын жоғары көтереді. Сол нұрға деген сүйіспеншілік оның жаны мен жүрегіне ұялап алады. Сол нұр Адам Атаның (а.с.) оң жағына ауысқанда, оның оң жағында тұрған ұрпақтары бақытке кенеледі. Ал қалғандары бұл бақыттан құр алақан қалады.

Сонда Алла Тағала былай деп тіл қатады:

- Уа, Адам! Кімнің баласы туса, сол сыйлықтар таратуға міндетті. Мына мәртебелі бала үшін сыйлық қандай болмақ? Адам Ата (а.с.) былай деп жауап береді:

- Уа, Раббым! Өз Құдіретіңмен "Әлһамдулилля" сөзін айту құрметіне лайық еттің. Осыдан болған сауапты мен оған арнаймын. Сол сауаптан Алла жалау жасап, оны Даңқ Туы (Ливаи-Хамд) деп атаған екен. Даңқ Туының нұрдан жасалған көптеген күмбездері бар әрі әрбір күмбезінде хор қызы отыратындығы келтірілген. Әрбір хор қызының қолында өмірлік серігінің аты жазылған неке жүзігі болады. Хор қыздары сол күмбез терезелерінен қарап, өз күйеулерін шақыратын болады. Хор қызы өз күйеуін байқағанда, қолын жоғары көтеріп, оны қарсы алады. Алла періштелерге Ливаи-Хамдты әкелуге бұйырады, алайда олар оны көтере алмай қояды. Алланың бұйыруымен Әли хазірет (р.а.) келеді. Ол Даңқ Туын он шақты раушан гүлін көтергендей көтеріп алып, Сират көпірінен алып өтеді.

Бір риуаятта айтылғандай, Алла Тағала Жұмақтан қатты жел жібереді де сол жел мәртебелі Имамды жалаумен бірге Жұмаққа апарады. Ал басқа хадисте Пайғамбарымыздың (ﷺ) мынадай оқиғаны айтып бергені келтірілген: қызының тойына дайындалып жатқан Сүлеймен пайғамбар (а.с.) болашақ күйеу баласына жеі жүз бағалы тастармен әшекейленген тәж жасауға бұйырады. Сосын бұл оқиғаны Әли хазірет (р.а.) Фатима аз-Захрға айтып береді, оны естіген Фатима қатты қапаланады. «Сүлеймен (а.с.) қызына осындай жасау жасап бергенде, ақырзаман Пайғамбарының (ﷺ) қызында ештеме жоқтығына мәртебелі Имам ренжімес пе екен? Сүлеймен пайғамбар (а.с.) күйеу баласының басына тәж кигізеді, ал Алла Елшісінің (ﷺ) күйеу баласы кедей әрі мұқтаж болып қала береді». Осы мазасыз ой Фатима аз-Захрдың абыройына тиіп кетеді. Өлерлерінен бұрын екеуі бірге бірдей түс көреді, екеуі де Жұмақтың ортасындағы биік тақта отырғандай болады. Олардың айналасына хор қыздары қаптап, олардың мыңдаған тілектерін орындау үшін бұйрықтарын күтіп тұрады. Солардың ортасында бір асыл тастармен көмкерілген көркем қыз әсем мәнерімен Фатиманың алдына келіп, екі қолына лағыл мен әртүрлі бағалы бұйымдар толы екі ыдыс ұстап тұрады. Фатима (р.а.) оған қашан қарап, қашан оның қолынан асыл тастарды алады деп күтіп тұрады.

Хазірет Имам: - Уа, Фатима, бұл қыз кім? - деп сұрайды.

Сонда Фатима (р.а.) былай деп жауап береді: - Бұл Сүлеймен пайғамбардың (а.с.) қызы. Алла оны маған қызмет етуге бөлген. Сол бір күні менің жүрегімде пайда болған мазасыздықты алып тастау үшін, Алла Тағала осы кереметті маған жасаған. Алла Тағала Даңқ Туын Имам Әлиге (р.а.) тапсырғанда, ол оны өзінің қасиетті басына тәж сияқты қоятын болады. Сонда мынадай дауыс естіледі: - «Уа, Әли, қай тәж жақсы, осы ма әлде Сүлеймен пайғамбардың күйеу баласының тәжі ме?».

Ливаи-Хамд Арасат алаңында болғанда Тозақтағылардың азабы жеңілдетілетін болады. Арасат алаңынан оны Жұмаққа апарғанда, олардың азабы күшейтілетін болады. Сонда Мақшарда тұрғандар Даңқ Туының құнын түсініп, оны дәріптей бастайды. Көптеген ғалымдардың айтуынша, өз атауын жалау осыдан алған екен.

Төртінші құрмет: Жұмақтың қақпасын бірінші болып Алла Елшісі (ﷺ) қағады, қақпа оған бірден ашылады. Бір хадис-шәріпте оның өзі былай деген еді: «Жұмақтың қақпасын бірінші болып мен қағатын боламын». Келтірілген хадиске сәйкес, Жұмақтың қақпасын бірінші болып Алла Елшісі (ﷺ) қағады, оған Жұмақ сақшысы: - Алла Тағала Өзінің Сүйіктісінен бұрын ешкімге ашпа да оның үмбетінен бұрын Жұмаққа ешкімді кіргізбе деп бұйырған.

Бесінші құрмет: Жұмақтағы Кәусәр бұлақ.

Алтыншы құрмет: Макам Махмұд (Мақтауға тұрарлық орын). Ол жөнінде Құранда айтылған: «Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі» (17:79). Муфассирлер Макам Махмұд шапағаттың ең жоғары дәрежесін білдіреді деп айтқан. Ка’б ибн Мәлік (р.а.) Қиямет күні Алла Өз Сүйіктісін (ﷺ) және оның үмбетін бір төбенің басына көтереді. Алла Сүйіктісінің (ﷺ) басына тәж кигізіп, оған сөйлеуге рұқсат береді. Ол қалағанын сұрауға мүмкіндік алады. Осы Мақтаулы тұрарлық орын. Басқа риуаятқа сәйкес, Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Қайта тірілген күні Алла мені Өзіне шақырады. Мен Алла Тағаланың алдына барғанда, Даңқ Тағында отырған Жәбірейілді (а.с.) көремін. Жәбірейіл айтады: - Алла Тағала мені саған жіберді. Алла оның сөздерін растайды: - Ол шын айтады, оны Мен жібердім. Содан кейін былай бұйырады: - Оған шапағат жаса. Мен бірден шапағат жасаймын. Бұл Макам Махмұд.

Жетінші құрмет: Бұл Уасилә — Жұмақтың ең жоғарғы дәрежесі. Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: "Мен үшін Уасиләні сұраңдар". "Уа, Алла Елшісі, Уасилә деген не?", - деп сұрағанда, ол (ﷺ) былай: "Бұл - Жұмақтың ең жоғары дәрежесі, ол тек біреуге ғана беріледі. Сол адам мен болармын деп үміттенемін", - деп жауап берген екен. Алла Елшісі (ﷺ) өзінің кішіпейілділігінен ғана осылай жауап берген. Ал байыбына келгенде бұл орынға дәл соның лайық екендігінде еш күмән жоқ.

«Пайғамбарлар тарихы» кітабынан

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: